8 қазан "Асқар Игібаев атындағы орта мектеп" КММ-нің оқушылары арасында "Жолда жүру ережелері"атты кездесу өтті. Кездесуге учаскелік полиция майоры Е. Е. Елеукин қатысты.


2-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңі ағымдағы жылдың 8 қазанында өткізілді.
Нәтижесінде Исгалди Асена 2 орын(Бекенова АУ), Мұрат Адия 2 орын(Бимаканова ГЖ), Макенова К, Аубакирова А. (Зенченко ОФ)2 орын, Дробышева З. 3орын (Есалина ЖЖ), Орынбай А. 3 орын (Шукенов АК) Газаг Д. 3 орын (Койлыбаева АА) Газаг П, Самадбаев А 3орын (Елеукина МС)

Бүгін "Асқар Игібаев атындағы орта мектеп" КММ-де "Дублер күні " аталып өтілді. Жоғарғы сынып оқушылары ұстаздардың орнына сабақ берді. 12 сыныпқа арналған қызықты да танымды сабақтар ұстаздарды бір сәтке оқушы кездегі қызықты шақтарды еске салды.


«Асқар Игібаев атындағы орта мектеп» КММ*
Әлеуметтік педагог пен медицина қызметкерінің қатысуымен келесі тақырыпта шағын дәрістер өткізілді:
Үй жағдайында дәрі-дәрмектерді қауіпсіз сақтау және жою. Рецепт бойынша және рецептісіз берілетін препараттар. Дәрігердің тағайындауынсыз оларды балаға берудің жол берілмейтіндігі».*

Озон қабаты — Жер атмосферасының тіршілікті қорғайтын қалқаны. Бұл күн — табиғатты қорғаудың, жауапкершілікті арттырудың, болашақ ұрпаққа таза экологиялық орта қалдырудың маңызды белгісі.
📚 Бүгін мектебімізде «Озон қабатын қорғайық!» атты дөңгелек үстел, ақпараттық сағаттар мен экологиялық тәрбие сағаттары өтті. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, озон қабатына зиян келтіретін әрекеттерді талқылады.
🌱 Табиғатты аялау — әр адамның борышы!

Бүгін, 24 қыркүйекте «Асқар Игібаев атындағы орта мектеп» КММ-де «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы: дамудың негізгі векторлары» тақырыбында бірыңғай Ашық есік күні өткізілді. Шараға «Бөбекжан» балабақшасының тәрбиешілері мен мектеп педагогтары қатысты. Бірыңғай күн қатысушылары сабақтастықтың өзекті мәселелерін, ИКР-мен жұмыс істеу ерекшеліктерін талқылап, жалпы жұмыс жоспарын жасау туралы шешімге келді. Мектеп алды сынып тәрбиешілері Ю.Ю.Сыздықова, Ж.Ш.Танкеева, бірінші сынып мұғалімі А.А.Кенжеғалиева және «Бөбекжан» балабақшасының әдіскері Ж.А.Сатывалдина өткізген шеберлік сыныптары жарқын әрі мазмұнды болды.


19 қыркүйек "Асқар Игібаев атындағы орта мектеп" КММ нің 11-сынып түлектері мен мұғалімдеріне ZOOM конференциясы арқылы онлайн форматта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Страница 1 из 4

Байланыстар

Мекен-жайы: СҚО Есіл ауданы Николаевка ауылы Достық көшесі 120,
Тел.: 8(715) 432-65-85
Пошта: nikolaevka-sko-esil@edu.kz

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2025 Мектеп v1.0

Ақпарат:

Email: xxx@mail.ru
Тел: 8 (xxxx) xx-xx-xx