Меню KDT

Жаңалықтар

#Нан_күні. 14 қазан 3 сыныпта "Нан- қазына, ысырап қылмайық" атты сынып сағаты өтті. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Өткізген: Таскарина З. К.

Нан – халықтың ең маңызды және сүйікті тағамы. Барлық халықтарда нан ерекше құрметке ие және дастарханның мәні мен сәні. Ал, Қазақстан үшін Нан экспорттың негізгі бөлігі.

Нан күні – астық және ұн өнімдерінің құрметін арттырып, қазақстандық диқандардың, ұн тартушылар мен наубайханалардың еңбегін елеу үшін арнайы белгіленді.

2006 жылдан бастап 16 қазанда - Дүниежүзілік нан күні аталып өтіледі. Бұл күні көптеген елдерде нан өнімдерінің түрлі көрмелері, аспазшылардың, наубайханалардың және кондитерлердің кездесулері, жәрмеңкелер, шеберлік сыныптар, халықтық серуендер, сондай-ақ барлық мұқтаж адамдарға нанның тегін таратылуы, қайырымдылық акциялары және тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады. Жиналғандар нан өнімдерінің әртүрлі сұрыптары мен түрлерін бағалап қана қоймай, сонымен қатар нанның қалай пайда болғанын, оның тарихы мен дәстүрін, неден жасалғанын, қай жерде өскенін, қалай пісірілетінін және т. б. таныса алады.



Просмотров: 23

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

КР президентінің жолдауы

Опрос

Сізді оқу оқуға не жетелейді?

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда26
  • Осы аптада9
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки