Азаматтарды қабылдау кестесі
Оспанова А.Б. |
Директоры |
Сейсенбі 16.00-18.30 Сәрсенбі 9.00-12.00 |
Ботина Л.П. |
Аға кеңесші |
Дүйсенбі 13.00-18.30 |
Апенова Д.Ж. |
Директордың орынбасары |
Сейсенбі 13.00-18.30 |
Сапарова Ж.Т. |
Директордың ҒМР орынбасары |
Сәрсенбі 13.00-18.30 |
Жакенова Г.И. |
Директордың орынбасары |
Бейсенбі 13.00-18.30 |
Нуртазина Д.Б. |
Директордың орынбасары |
Жұма 13.00-18.30 |
Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға және олардың өтініштерін қарауды қамтамасыз етуге жауапты-хатшы Айгүл Андреевна Самадбаева.
Байланыс телефоны-26-5-85
Азаматтарды қабылдау және өтініштерді қарау қағидалары
Мектеп басшысы қабылдау кестесіне сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдайды.
Қабылдау жұмыс орны бойынша белгіленген және жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізілген күндер мен сағаттарда жүргізіледі.
Жеке қабылдау кезінде тіркеу журналында азаматтарды қабылдау жүргізіледі.
Егер өтінішті лауазымды адам қабылдау кезінде шеше алмаса, ол жазбаша нысанда баяндалады және онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі.
- Өтініш құзыретіне өтініште қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды адамға жолдануға тиіс.
- Жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, сондай - ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтінішінде-оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке өтініш беруші қол қоюы не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуы тиіс.
Шағым беру кезінде Субъектінің атауы немесе лауазымы, әрекеттеріне шағым жасалған лауазымды адамдардың тегі мен аты-жөні, өтініштің себептері мен талаптары көрсетіледі.
- Субъектіге тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
- Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады.
Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
- Өтініште қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кірмейтін субъектіге немесе лауазымды адамға келіп түскен өтініш үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті субъектілерге бұл туралы өтініш берушіге хабарлай отырып жіберіледі.
- Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.
- Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.
- Өтініштерге жауаптар мазмұны бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде негізделген және дәлелді болуға, қабылданған шешімге шағымдану құқығын түсіндіре отырып, өтініш берушінің дәлелдерін теріске шығаратын немесе растайтын нақты фактілерді қамтуға тиіс.
- Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іс жүргізудің басқа түрлерінен бөлек жүргізіледі.