Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Мектепалды даярлық топтарының жылдық қорытынды есебі.
Мектепалды даярлық топтарының жылдық қорытынды есебі.
Елбасымыз тәуелсіздікті алғаннан, дамыған елдермен қарым – қатынас жасап, жаңашылдықты үйрену, әсіресе, білім беру жүйесін қалыптастыруды өзекті мәселе етіп қойды. Себебі: заман талабына сай Қазақстан балалары сауатты, білімді болуды міндеттеді. Осы айтылған міндеттемелерге бізде толық қолдай отырып, білім берудегі есебімізді ұсынамыз.
2022 оқу жылында мектепалды алды даярлық тобының жалпы бала саны 8 оқушыны құрады.
Соның ішінде 3 Ұл бала 4 қыз бала қазақ сыныбында оқиды.
0 «Ә» тобында 1 қыркүйек айынан бастап 8 оқушы.Мектепалды даярлық топтары, мектептегі барлық іс - шараларға жыл бойы белсене қатысып отырды, айта кететін болсақ Алтын Күз мерекесі, Жаңа жыл мерекелері атап өтілді. Сонымен қатар ашық тәрбие сағаттары жоспарға сай өтіліп отырылды. Көктемнің алғашқы мейрамы 8 - Наурыз мейрамын мектепалды тобының бүкіл қыз баларымен солардың аналарының қатысуымен өткізілді және де спорттық жарыс түрлері ұйымдастырылды.Бастауыштың онкүндігінде мектепалды даярлық тобының оқушылары сурет салып қабырға газеттерін шығарды. Жас мамандар онкүндігінде даярлық тобында ашық сабақтар өткізілді.
Мектепалды даярлық тобы 5 сала бойынша жұмыс жасайды;
Денсаулық
Коммуникация
Шығармашылық
Әлеуметтік орта
Таным
Жыл басында балалар денсаулық саласы бойынша; жүруді(тез, жылдам, аяқтың ұшымен, тізерлеп, жүгіру) біледі, бірақ баяу, сенімсіздік басым болатын. 1 - тоқсанның ортасында балалардың спортқа деген ынталары көтерілді; себебі - оларға сапқа тұру, сап түзеу, саппен жүру, таңертеңгілік гимнастикаларды жасап, спорт залда ойнаған олар үшін таңсық жағдай болды. Уақыт өте келе балалар спорттың адам өміріне пайдасы зор екенін түсіне білді.
Қатынас білім беру саласы бойынша айтатын болсақ; жыл басында балалардың көпшілігі әріпті танымайтын, ойын ашық жеткізе алмайтын, ұяң болатын. Тілдері дұрыс дамымаған. Балалар екінші тоқсаннан бастап қана бір біріне үйреніп, мұғалімге үйренісіп ашыла бастады. Мәтіндер бойынша әңгімелеуді, ойларын толық жеткізуді үйренді. Тілдері жаттығып дыбыстарды дұрыс айтуға бейімделді.
3 - тоқсанның аяғына дейін балалардың басым бөлігі әріптерді танып, олардың дауысты дауыссыздарын ажыратып, дыбыстық талдау жасап, буынға бөлетін болды. Жалпы айтатын болсақ, даярлық тобының ішінде 3 - 4 баланың есте сақтау қабілеттері төменірек, әріптерді ұмытып қалады, шатастырады, буынға бөліп, әріптерді қосып оқуға қиналады.
Шығармашылық білім беру саласы бойынша; Балалардың құзыреттілік көрсеткіштері өте жақсы, балалар әуенді мұғаліммен қосылып айта алады, мәтінді жылдам жаттайды, әуенімен орындай алады, әуенді жақсы қабылдайды. Сонымен қатар қазақтың ұлттық аспаптарын таниды, суреттерін сала алады, аттарын жатқа біледі.
Әлеуметтік білім беру саласында; барлық балалар өз беттерінше әрекет ете алады, достарымен сыныптастарымен жақсы қарым қатынаста. Олар бірімен жақсы араласады, әңгіме айтады, қалжыңдасады. Барлығының тәрбиелері жақсы және мәдениетті сөйлеуге үйренген. Үлкендермен амандасуды, сыйлауды біледі.
Таным білім беру саласы бойынша көрсеткіштер; балалар 1 - 20 де» інгі сандарды таниды, 1 - 20 дейін сандарды қосып алады сонымен қатар пішіндерді таниды, ажырата алады. Мысалдар мен есептер құрастыра алады және оларды шеше алады.
Балалардың даму үлгерімі мен оқу үлгерімдері бойынша мынандай деңгейді көрсетеді:
- Сыныпта тыңдалым жақсы
- әр бала өзінің не істеп жатқанын түсінеді, белгілі бір білім қорына ие
- әр бала өзінің білетінін жасай алады
Осы білім салары бойынша мектепалды даярлық тобы жақсы көрсеткіштерді көрсетеді